«Бала — ауылда емес, қалада өсуі керек» дейді Шыңғыс Мұқан
Әлеуметтік желіде тараған видеода танымал журналист, аудармашы Шыңғыс Мұқан бала туралы өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz. тілшісі Democracy.kz.-ке сілтеме жасап.
Журналист «баланы қалада өсіру керек, сонда ғана бала дамиды. Өркендеуші мемлекеттердің 80- 90% халқы қалада тұрады. Сондықтан неғұрлым ертерек қалаға көшкеніңіз дұрыс» дегенді айтады.
«Ауылда тұратын ата- аналарға айтарым балаларыңызды алып ертерек қалаға көшіңіздер. Қалада баланың дамуына үлкен мүмкіндік бар. Барлығы қалаға кетсе, ауыл бос қалады деп жатамыз. Алайда ауылда тұратындардың барлығы ауыл шаруашылығымен айналыспайды» дейді Шыңғыс Мұқан.
Фото интернеттен алынды.