Қайша Керей: «Қатерлі дертті күйеуімнің арқасында жеңдім»

0
400

Кәсіпкер Қайша Керей Динара Сәтжанға берген сұхбатында өз өмір туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz. тілшісі  Democracy.kz -ке сілтеме жасап.

Дәрігерлерге тексерілу барсында өзінде қатерлі ісіктің бар екенін білген Қайша сол сәттегі ішкі жағдайын жылап отырып айтып берді.

Өзіне ота жасату 20минутқа ғана созылатынын біліп, сұраған сомадағы ақшаларын тауып берген. Алайда, 2 жарым сағатқа созылған ота керісінше болып шыққан. Онкология бөлімі оны қайта шақырып ісіктің қатерлі екенін айтқан.

«Не істерімді білмедім, бұл жағдай  күйзеліске түсіргені сондай, тіпті емделгім келмеді. Емдеуге аз ақша кетпейтіні тағы бар. Ал ондай ақша табу мүмкін емес еді. Соған қарамастан, күйеуім қолдағы бар дүниені сатып, ақша жинауға кірісті.

Үстіміздегі киімнен басқасының бәрін саттық. Емделмей қалсам, артымда қалған қызым мен күйеуім өмір бойы қарыз төлеп өте ме деп уайымдадым. Алайда күйеуім көнбеді.

«Сені емдетеміз» деп ақша жинастыруды тоқтатпады. Осы күнге дейін араласпай келген ата-анасына да хабарласып, жалынып, ақшадан көмектесуді сұрады»деген Қайша Керей күйеуінің осындай үлкен қолдауымен қатерлі дертті жеңіп шыққанын айтады.

Фото видеодан скринделіп алынды.