Суайт молдаға сеніп, қылмысқа барып жатқандар намазда не оқып жүргенін де білмейді
Намаз оқып өзін мұсылман санап жүргендердің 99,9% не оқып отырғанын түсінбейді де…Бұл жетінші ғасырда Тәураттан көшірме жасалған көне семит архаизмдеріне толы екіұшты ертегі еді….Мысалы, Авраамның ат-тахиятта күніне бес уақыт қайталануы!!!
Ислам еврейдің атасымен (Абрахим-Ибрахим) тығыз байланысты екені жайлы көп жазылды.
Семиттік тілдерге Еврей-араб тілі жатады…
[Ташаххуд (араб. تشهد — свидетельство) или Ат-Тахият (араб. التحيات — приветствие) — молитва, произносимая во время намаза после второго суджуд, во-втором и последнем ракаате.]
Отырып оқитын Ташаххут (Ат- тақият дұғасында Авраам атамыздың аруағын еске аламыз):
«Аллаһума бәрик ‘алә Мухаммадин уа ‘алә әәли Мухаммад, кәмә бәәрактә ‘алә Ибраһима уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжид»
Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге (Авраамға) және Ибраһимнің ( Авраамның) жанұясына берекет бергенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына да берекет бер. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.
Хазіреті Мұхаммедтің Аллаһтың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.
P.S. Көптеген догматик-діндарлар құранды оқымаған, мағынасын да білмейді, форисей молдадан (құлақ молда) естігеге сеніп, кісі өлтіріп те жатыр!!!
Оған ТӘУБӘ сүресі куә:-
Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне осы берік дін.
Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер. Сондай-ақ мүшріктер сендермен түгел соғысқандай сендер де олармен түгелдей соғысыңдар. Әрі расында Алла тақуалармен бірге екенін біліңдер. (36)
Сөзсіз айды кешіктіру; қарсылықты арттыру. Сонымен кәпірлер жолдан шығарылады. Алланың харам еткен айының санын толтыру үшін; оны бір жыл харам етіп, бір жыл халал етеді.
Сөйтіп Алланың харам еткенін халал етеді. Олардың жаман істері өздеріне әйбет көрсетілді. Алла, қарсы елді тура жолға салмайды. (37)
Әй мүміндер! Сендерге не болды? «Алла жолында соғысқа шығыңдар»,- делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар. (Жерден қозғалғыларың келмеді) Ақыреттен көрі дүние тіршілігін қоштадыңдар ма? Негізінде дүние тіршілігінің пайдасы ақыретке қарағанда өте аз ғана. (38)
Мүшіріктерді өлтіріңдер…
Сөз соңы:
Қазақ саған не болды, Семиттің сенімі үшін кісі өлтіріп?!!! Дін үшін кісі өлтіру —ҚЫЛМЫС!!!
Советқазы НҰРСИЛА, ақын, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.