Димашқа пародия жасап, үлкен сынның астында қалды
Ресейлік «Точь в точь» шоуында Димаш Құдайбергенге пародия жасаған Валерия Ланская үлкен сынның астында қалды деп жазады Democrat.kz.
Шоу концертте имиджінен бастап, мимикаларына дейін Димашқа ұқсатуға барынша тырысқан Валерия Ланская әнін айтып бітіргенде әнші, шоумен Максим Галкин оны сын тезіне алды.
«Димаш образын бекер алғансың. Димаш образын ешкім қайталай алмайды. Ол мүмкін емес. Димаш — кәдімгі феномен. Оның даусы 5 октавада еркін самғаған дельтаплан секілді. Ал сенікі шынжырынан ажырап қалған пойыз вагонының ысқырығы іспеттес болды», — деді.
Фото видеодан скринделді.