Айдос Сарым: «Әкімдерге джип не үшін керек?» деп хат жазады

0
58

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым жемқорлық мәселесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жемқорлықты заңдар емес, қоғам тоқтатады. Қоғамның мәдениеті, медиа сұраулар мен пікірталас, азаматтардың белсендігі ғана тоқтата алады. Басқа жол жоқ. Мысалы, бізде өңірлерде бір-екі белсенді азамат мемлекеттік сатып алуды қадағалап, әкімдерге жол талғамайтын көлік не үшін қажет деп хат жазады. Бұл жемқорлықпен күресудің айқын көрсеткіші»,- дейді Айдрс Сарым Мәжіліс отырысының кулуарында.

Ол атағандай, барлық өңір азаматы осы жұмыста белсенді болуы керек.

«Кейбір өңірде азаматтық белсенділікті мүлдем көрмейміз. Дәстүрлі 5-6 үкіметтік емес ұйым ғана жұмыс істейді. Барлық өңір белсенді атсалысуы керек»,- дейді депутат.