Сәуле Әбілдаханқызы: «ҚМБД мені өздеріне кеңесші етіп алсыншы»

0
572

Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы ҚМБД-ның «лайк баспау» туралы пәтуасына қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында журналист мүфтияттың «лайк басу» пәтуасын «біртүрлі екен» деп сынға алып:

«Әзіл, қалжың, құрдастардың бір-бірін мазақтауы — қазақ үшін қалыпты нәрсе. Ұлттық мінез. Болмыс. Ұлттық менталитет. (Қазақ әдебиетін жеткілікті оқыған адам ондай әзіл-қалжыңдарды жақсы түсінеді…)

Мысалы, осында Асылханның әзіл әңгімелері, Асылхан мен Нұртайдың, Әмірболат пен Азаттың бір-бірін мазақтап, күліп отыратын жазбалары көңіліңді кәдімгідей-ақ көтеріп тастайды… еріксіз жымиясың… ондай жазбалар әдемі көңіл-күй сыйлайды… лайк басасың… күнә жасайын деп баспайсың, әдемі әзіліне, бір-бірін мазақтағанда ауыздыға сөз бермейтін жүйрік ойларына басасың ғой лайкты…

«Жеке тұлғаға және ұлтқа, қазаққа бәле-жала жапқан, өтірік күстәналаған, өсек айтқан, ар-намысына тиген, нақақ күйдірген, әділетсіздікті жақтаған т.с.с. жазбаға лайк басқан күнә» десе, түсінер едім, тіпті қос лайк басар едім…

Онда 2018 жылдан бері жеке басыма жасалған әділетсіз шабуылдардың, қиянаттың, кибербуллингтің сан атасын жасағандар және соларға лайк басқандар күнәһарлар деп, олар тозаққа баратын болды деп қуанар ма едім, кім білсін… (Бүгінде олардың басы шетелде, якобы, «саяси босқын», қалғандары депутат, бизнесмен, өлді дегендері «жұлдыз»…)

ҚМД—ның мына пәтуәсі біртүрлі екен дә…

Кешегі тазабек, бекболат туралы посттардан кейін осындай тапсырма алған жоқсыздар ма әйтеуір?.. Дәл бүгін осындай пәтуә шығарғандарыңыз, біртүрлі күмәнді екен..

әлде маңызды бірдеңені халық байқамас үшін әңгіме тақырыбын, халықтың ойын маңызсыз бірдеңеге бұру ма мақсат?..

Мені кеңесші етіп алыңдаршы, елге қандай пәтуә шығару керек екенін айтып отырайын…» деп жазды.

Фото көрнекілік үшін.