«Мұғалімдер, ұрлық жасамайық!» деп әкімнен сөз естідім» дейді

0
277

Кезекті сұхбатында білікті ұстаз Аятжан Ахметжанұлы мұғалімдердің сайлау кезіндегі шапқылауына қатысты пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.

Танымал ұстаз Астанадағы №51 мектеп директоры болған кезінде  басынан өткен бір оқиғаны баяндап берді.

«Сайлау өтуге жақын қалғанда, әлеуметтік желіде «Мұғалімдер, ұрлыққа бармайық! Бүгін біз ұрлыққа барып, ертең балаға адал боламыз деп айта алмаймыз» деп жаздым. Сайлау — жексенбі өтеді.

Мен жұма күні әлгі жазбаны жаздым. Сенбі күні қалалық әкімдік шақыртып, әкім Көлгінов өзі «жазбаны алып таста» деді. Алмадым. 2021 жылғы 10 қаңтарда парламент сайлауы өтті. Біздің учаске бойынша бірінші орын — «Адал», екінші — «Аманат», үшінші орын — «Ақ Жол» партиясына тиді.

Дауыс беруге тиіс 2500 адамның 460-ы ғана дауыс берді. Дәл осылай есеп қорытындысын өткіздім. Кейінірек мені қаланың шетіндегі басқа мектепке ауыстырып жіберді.

Ол мектепте 2 жыл 2 ай отырдым. Алайда сол уақытта менің мектебіме сайлау учаскесін қоймады. Мен ол мектептен кеттім, ал өткенде сол мектепте референдум үшін сайлау учаскесі болды», — дейді Аятжан Ахметжанұлы «ARA-Medya» арнасына берген сұхбатында.

Фото интернеттен.

@qazaqshasoileyik

Аятжан Ахметжан #қазақстан #астана #мектеп #мұғалім #сайлау #рек #алаш #парламент #выборы

♬ The Champion — Lux-Inspira