«Қожаларды ренжітсеңіз, оңбай қаласыз» дейді тиктокер
ТикТок әлеуметтік желісінде қожалар туралы пәлсапа-аңыз айтып берген Ереке атты тиктокер басқаларға ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.
«Қожаларды ренжітіп, қарғысқа қалмаңыздар, оңбай қаласыздар. Баяғыда біреудің 15 ұлы болыпты. Сол тәкаппарланып кетсе керек, бір кісіні қамшымен сабаған екен. Әлгі жәбір көрген адам қожаға шағымданып барыпты.
Сонда ақшам намазына кіргелі тұрған қожа «пәленшенің баласы көп пе, алланың бәлесі көп пе?» деп көкке алақанын жайып, бетін сипапты.
Содан әлгі көпбалалы отбасының балалары бірінен кейін бірі өле беріпті. Қожаның қарғағанын естіген балалардың шешесі бір баласы ғана қалғанда, әкесін қожаға жібереді.
Қожаға алтын, мал-ақша апарып, қарғысын кері қайтаруды сұрайды.
Сонда қожа алақандарын жайып «қалғанына құдай береке берсін» деп бетін сипаған екен. Міне, содан кейін бала тұрақтаған екен. Сол себепті қожаларды ренжітіп, қарғыс алмаңыздар», — дейді тиктокер Ереке.
Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.
Фото көрнекілік үшін.
@ereke_qazaq.eli Қожадан қарғыс алмаңыздар😱 #rek #интересное #история #қожа