Құдайға сыйынатын ғимараттың асты адам сүйектерімен толтырылған (ВИДЕО)
ТикТок әлеуметтік желісінде «Найман» атымен тіркелген белсенді азамат таратқан видеода сұмдық көріністер бар деп жазады Democrat.kz.
Христиан діні өкілдерінің ғибадатханасы саналатын шіркеудің жөндеу жұмыстарымен айналысып жүрген жігіттер еденнің астын видеоға түсірген.
Алайда видео қай жақта, қашан түсірілгені нақты айтылмайды.
Видеода көрініп тұрғанындай, еденнің асты толған адамның бас сүйектері мен басқа да сүйектері.
«Еденді ашып, мынадай сұмдыққа тап болдық. Сұмдық! Мынау шіркеу — еденінің асты! Кім бұлар? Еденнің бүкіл бөлігінде адам сүйектері толы. Бұл шіркеу 530 жылдарда салынған» деген жұмысшы қорқынышы мен таңданысын жасыра алмады.
Өз тарапымыздан, шіркеудің астындағы адам сүйектеріне қатысты қарастырып, іздестіріп көрдік.
Ютубтағы «Контроль теней» арнасының Оккультистпен сұхбатын тыңдап, біраз дүниеге көз жеткізгендей болдық. Өз сұхбатында Оккультист кез келген ғибадатхананың іргетасы қаланарда құрбандыққа адам шалынып, оның сүйегі көмілетінін айтады.
Ең сорақысы, құдайға сыйынатын мекендерде көбінесе балалардың денесі көмілетінін де Оккультист баса айтады.
Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.
Фото видеодан скринделді.
@user5242258302383