Қазақстандық әйелге түрік күйеуі қорлық көрсеткен
Алматы облысының тұрғыны бұрынғы күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Рафаил Қадыров қызымен қысқы демалысын өткізу үшін Алматыға келген. 67 жастағы ер адам бұрынғы күйеу баласынан қорлық көріп, ал қызы Наила Текинге пышақ сұққанын айтты.
Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі ажырасқаннан кейін үй мен көлікті алу үшін соңынан қалмай қойған.
Әйел полицияға арыз жазды. Ер адамның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Ер адам бұрынғы әйелінің үйіне досымен бірге келген. Досы Тәжікстан азаматы екен.
Наиланың бұрынғы күйеуі тергеу изоляторында отыр.