«Қыздардың пәктігі тексерілуі керек» дейді Әмина қажы
ТикТок әлеуметтік желісіндегі парақшасында Әмина қажы Әжібаева тәрбиеге қатысты пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
«Бұрын келіннің қыздығын тексеретін жеңгелері. Қандай керемет дәстүр еді. Қазір ондай жоқ. Қайдан болсын, тойға дейін жасап тастаса. Қазір ұлдың шешесі «әй, тойға дейін тиме» демейді. Қыздың шешесі «істейтініңді істеп ал да, тиіп ал» дейді. Осыдан кейін қайдан болсын қыздық? Қыздық деген — ар-намыстың белгісі. Өзіңе өмір бойы беттегі печатың ғой «қыз болып шықты» деген» — дейді Әмина қажы.
Сонымен қатар Әмина қажы қазіргі ажырасулардың да жастардың тәрбиесіндегі олқылықтан болып жатқанын айтады.
Алайда қажы апаның бұл видеосына қатысты кері пікір білдіргендер де аз емес.
«Кей қыздар қыздықсыз өмірге келеді», «бұл ұйғыр-сарттың дәстүрі жыныс тексеру деген», «сол салттың не керегі бар?»басқа айтатын дым қалмаған ба?» деген сынды пікірлер жазылуда.
Сондай-ақ «дұрыс», «сол салтты орындау керек», «қыздар бұзылып барады» деген сарындағы пікірлер де жазылуда.
Фото интернеттен.
@amina.qazhy