«Мама, менің өлгім келмейді» деген Дамир дәрігердің біліксіздігінен көз жұмды

0
980

Дамир Булумбаевтың анасы бір емес төрт рет жедел жәрдем шақырған. Фельдшер екі рет баланы ауруханаға жатқызудан бас тартып, оның ауруды сылтауратып жатқанын айтқан. Үшінші рет шақырғанда жауап бермеген, тек төртінші рет шақырғанда баланы ауруханаға жеткізген, бірақ тым кеш болды, деп хабарлайды Orda.kz.

ekaraganda.kz мәліметінше, Дамирдің туыстары оның жақында ғана тұмаумен ауырғанын және ауруханада дәрігердің тағайындауымен ем алған.

 

«Апта соңында оның жағдайы жақсарып, температурасы түсті. Сенбі күні олар поликлиникаға жазылғаны туралы анықтама алу үшін барды. Дамирді қарап болған соң дәрігер денсаулығы жақсы, дүйсенбіде мектепке баруға болады деп айтты», – дейді мектеп оқушысының ағасы Борис Вахрушев.

Алайда, 26 қаңтар күні кешке бала анасына аяқ бұлшықеттерінде қатты ауырсыну бар екенін айтқан соң анасы жедел жәрдем шақырды. Келген фельдшер баланы тек сырттай қарап, бұлшықеттегі ауырсынуды психосоматика деп диагноз қойып, қолдағы ісікке жылытқыш қойсын деп кеңес берген.

Алғаш шақырған жедел жәрдем кеткен соң баланың жағдайы нашарлай түскен. Ауыруы таралып, жыныс аймағына көтерілді. Екінші рет жедел жәрдем шақырғаннан кейін, түнгі үштер шамасында бірінші келген фельдшер қайта келді.

«Фельдшер баланың анасына оның жағдайы аса ауыр емес екенін айтып, сендіреді. Өзінің 24 жылдық тәжірибесі барын айтып, баланың жалған аурып жатқанын жағдайы нашарламағанын айтқан. Тіпті фельдшер Дамирге егер ол осылай өтірік ауырып жатар берсе психиатриялық ауруханадан бригада жіберетінін айтып қорқытты», – деп қорқынышпен еске алды баланың көкесі.

Дәрігердің кеңесімен жылытқыш қойылған жерге көкшіл тамырлы дақтар пайда болды. Дәрігер мұны тамырлардың спазмы деп түсіндірді. Бала ауыруды басатын инъекция сұрады, фельдшер инъекция жасап, кетіп қалды.

Ағасының айтуынша, Дамирдің жағдайы нашарлап, тыныс алу жиілеп, ол аяқ-қолдарын сезбей, «мама, мен өлгім келмейді», — деп айтқан. Әйел фельдшерге қайта қоңырау шалғанда ол «дәрі мұндай әсер бермейді» деп жауап берген екен.

Үшінші рет жедел жәрдем шақырғанда олар қоңырауды көтермеген соң анасына баланы ауруханаға апаруға тырысқан, алайда, баланы көтере алмады. Үміті таусылған ана не сітерін білмей қайтадан жедел жәрдем шақырады. Бригада жіберілді, бірақ олар 30 минуттан кейін ғана жеткен. Дәрігерлер баланың ауыр жағдайын байқап, преднизолон инъекциясын жасады.

«Оған тез арада преднизолон инъекциясын салған. Ленаның сөзінше, инъекция салған соң, оның көздері аларып, босаңсып кетті. Олар баланы жедел-жәрдем төсегіне салып, ауруханаға алып кетті. Анасы жол бойы тамыры соғып тұр ма деп сұраған, фельдшерлер бар деп айтқан. Алайда, ауруханада реаниматолог: «Неге оны әкелдіңдер, оның тамыры соғып тұрған жоқ»,- деп айтыпты. Дегенімен дәрігерлер баланы сонда да аман алып қалуға тырысқан», — дейді туысы.

Реанимацияда бала бір сағаттай болғанымен, аман алып қалу мүмкін болмады. Оның соңғы демі жедел жәрдем көлігінде ме, әлде ауруханада үзілді ме баланың туыстары білмейді.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылды. Медициналық қызметкерлер тарапынан бұзушылықтар анықталды. Кінәлілер жауапкершілікке тартылатын болады. Туыстарына көңіл айтамыз», – деп жазылған хабарламада.

Баланың туыстары оның ешқандай созылмалы аурулары болмағанын айтады. Олар оны құтқаруға болатын еді деп қайғыдан қан жұтып отыр.

Фото көрнекілік үшін.