Трансгендерлерге тықыр таяды

0
95

Дональд Трамп трансгендер спортшыларға әйелдердің спорт жарыстарына қатысуына тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

«Ендігәрі әйелдер спорты тек әйелдерге тиесілі. Әйелдер спотындағы соғыс осымен бітсін», — деген Трамп Ақ үйде жарлыққа қол қойды. Оны қоршап тұрған қыз-келіншектер ду қол шапалақтады.

АҚШ президенті енді трансгендер спортшыларға виза бермеуді қарастыратынын айтты.

Трамптың жарлығы мектеп, университеттерге және әуесқой спорт жарыстарына жүретін күші бар, бірақ ол 2028 жылы Лос-Анджелес олимпиадасы басталғанша трансгендер спортшыларға қатысты ережелерінді қайта қарауды Халықаралық Олимпиада комитетінен сұрайтынын жеткізді.

«Кейінгі жылдары көптеген білім беру мекемелері мен спорттық бірлестіктер ер адамдарға әйелдермен жарысуға мүмкіндік беретін болған. Бұл қыздар үшін қорлық, оларға әділетсіздік жасау болып саналады. Бұл қыздардың спорттық бәсекелерде қабілетін көрсетіп, шыңдалуына қауіп төндіреді», — деді Трамп.

Дональд Трамп  инаугурация кезінде  АҚШ саясаты тек екі жынысты мойындайды: әйелдер мен еркектер деген еді. Кейін тиісті заңға қол қойды.