Христиандар мен иудейлер үшін экс-имам «тұрып бермек»

0
543

«Құспан молла» мешітінің бұрынғы имамы  Тұрарбек Құсайынов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) қарайтын медреселер мен мешіттердегі кітапханаға ревизия жасап, ксенофобиялық діни кітаптардан тазалау жөнінде Бас прокурорға арыз жазыпты.

Рас, Құран тәпсірлері мен хадис жинақтарының басым бөлігінде христианофобия мен антисемитизм бар.

Бұл сонау орта ғасырдан жалғасып келе жатқан үрдіс. Ислам халифатының басқа елдермен соғысы кезінде туындаған идеологиялық саяси нарратив еді. 21-ғасырда өмір сүріп жатсақ та мүфтият молдалары сол діни әдебиетті әлі пайдаланады, уағыз айтқанда соған сүйенеді.

Мысалы, Құранның «Фатиха» сүресінің 7-аятындағы «адасқандар» — христиандар, «қаһарға ұшырағандар» — иудейлер» деп тәпсірлейді.

Егер прокуратура ҚК-тің 174-бабы мен экстремизмге қарсы күрес заңнамасына сүйеніп, мешіттер мен медреселерден ксенофобиялық әдебиетті түгел алып тастаса, онда молдалар оқитын кітап қалмайтын шығар…

Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.