Қаныңыз қоюланғанын қалай білуге болады?

Қанның қоюлануының алғашқы белгісінің бірі тез шаршау болуы мүмкін. Сондай-ақ, бас ауруы мен бас айналу қанның тұтқырлығы жоғарылағанының белгісі болуы ықтимал. Бұл туралы терапевт дәрігер Надежда Чернышова айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Москва 24-ке» сілтеме жасап.
Қан неліктен қоюланады?
Қанның қоюланғанын көрсететін ықтимал белгілер:
- Бас ауруы, бас айналу;
- Тез шаршау;
- Қол мен аяқтағы шаншу сезімі
Алайда дәрігер қан қоюланғанын нақты көрсететін белгілер жоқ екенін атап өтті. Көп жағдайда адам ешқандай өзгеріс сезінбеуі мүмкін.
Диагностика және алдын алу
- Қою қан диагнозын нақтылау үшін медициналық тексеруден өтіп, арнайы анализдер тапсыру қажет.
- Егер қанның қоюлығы расталса, дәрігер қан сұйылтатын препараттар тағайындайды.
- Мұндай жағдайдың алдын алу үшін жеткілікті мөлшерде су ішу маңызды.