Актер не себепті ұятты жарнамаға түскенін айтып берді

Белгілі актер Алмат Сақатов өзінің ұятты жарнамаға түскені туралы және ондай қадамға не себепті барғанын айтып берді деп жазады Democrat.kz.
«Негізі ондай жарнамаға түспеймін деп ойлағанмын. Алайда менің ДЦП-мен ауыратын жиенім бар. Соған көмектесу үшін жарнамаға түстім. Бір күні белден төмен, өтірік, ұят, жаман жарнамаға түсуге шымкенттік жігіттер өтініш жасады. Бұл мүмкін емес, фантастика ғой деп кері қайтарғам. Алайда осы кезде әпкем хабарласып, 800 мың теңгеге науқас баласына арба алу керегін айтты. Амалсыз әлгі жарнамаға түсуіме тура келді», — дейді Алмат Сақатов.
Фото интернеттен.
@zhetysutv Беделді актер неге бедел әкелмейтін жарнамаға түсті? 🔻МАҚСАТЫНА ЖЕТКЕНДЕР #zhetysutv #жетісутелеарнасы #2025