Трамптың ендігі саяси тактикасы қандай болмақ?

Бақсам, желі беттерінде барыга Трамптан күдер үзбеген байғұстар баршылық екен. Олар әлі Трамптан үміт күтіп отыр.
— Көр де тұрың, Трамп путинді қақпанға түсірмек боп айла жасап жүр.
— Трамп путинді алдап соғады,
— Трамп путиннің сазайын береді.
— Трамп Ресейді Қытайдан оқшаулау тактикасына көшті
деген әлсіз де мәнсіз үндер шығады оқтын — оқтын.
«Ойпыр-ай Трамптан бұндай ерлік шығамей, не істеп жатыр бұл» , деп бір үмітпен елеңдеп Потомак өзенінің жағасына көз салсам:
Трамптың тек Зеленскийді оңдырмай жатқанын көремін.
— Зеленскийді халқының алдында абыройын айрандай төгіп мәжбүрлеп қазба байлығын тонау заңына қол қойдырмақшы.
— Зеленскийді сайлауға мәжбүрлеп соғыс кезінде оның көзін құртып оның орнын кремлшіл біреумен алмастырмақшы. Бұл әрине путиннің заказы.
— Трамппен оның айналасы Зеленскийді диктатор деп айыптай бастады.
— Трамп «жеңетін мүмкіндігі болмаса да бұл мағынасыз соғысты бастаған Украина» деп сандырақтай бастады.
— АҚШ вице президенті Вэнс Зеленскийге Трамптың жеке басына соқтығуы оған абырой әкелмейтіндігін ескертіп үлгерді.
— Трамп «Зеленскийдің халық алдындағы шынайы беделі 4 % ғана» деп көзін жұмып кезекті желін тығып жіберді.
Ұзын сөздің қысқасы, соғыстан санасы сансырап, тәні қансыраған, өзі абдыраған халықтың басшысын қазір Трамп аямай соққы астына алуда. Тағдыры онсыз да ауыр, теперішті былай да көп көрген Украинаға әбден обал болды.
Жалпы, Трамптың жасайтын үлкен иттігі әлі алда, сәл күте тұрыңыз, әзірше бәйшешектер ала тұрыңыз.
АҚШ сайлауынан соң Трамппен жеке жүздесіп қайтқан Зеленский Трамптың сөзін естіп, түрін көріп, жүзі қабарып, іштей түңіліп келген болу керек, бірақ онысын білдіртпеді, іштен тынды.
Ал енді осы жерде әділдігін айтсақ осы Трамп путинге қарап жұмған ауызын ашпайды ғоей.
Путин бұның Зеленскийді соққылап жатқан әрекетіне қарап сырттай ырза боп отыр, тырқылдап күліп қояды.
Жалпы, путин Трамптың сыртқы саясатта дилетант, клоун екендігін тез байқап бұны өз жетегіне алып үлгерді.
Оны мынадан байқауға болады.
Трамптың сайлауалды уәдесінің бірі — Ресеймен Украинаны келісімге келтіріп Путинмен Зеленскийді бір үстел басына отырғызу болатын.
Сыртқы саясатты жақсы білетін адамдар бұның әсте мүмкін еместігін біледі.
Путин өзін Украинадан биік тек АҚШ пен сөйлесетін дәрежедегі адам деп біледі, оның тәккапарлығы оны Зеленскиймен бір үстел басына отыртпайтын еді.
Бірақ сізге өтірік маған шын — сыртқы саясаттың сондай нюанстарын қақпайтын Трамп ол кезде солай сандырақтап АҚШ аудиториясында халық алдында соны әжептәуір уәде етіп жүрді.
Әйткенмен кейін Трамп президент болғанда путиннің айналасы оның салбыраған аяғын аспаннан жерге түсірді, оның құлағын бұрап әкеп құлағына мынадай талаптар сыбырлап үлгерді.
«оу көке, бізбен келісімге келіп сөйлескің келсе, алдымен мынадай талаптарды орында —
Ресей басшысы супердержава басшысы ретінде тек өз теңі, яғни сендермен (АҚШ) ғана сөйлеседі, Украина, Еуропа — ол біздің дәреже емес, ұқтың ба?
Трамптың оған » ұқтым, ұқтым, тақсыр — еке мұрсат берсеңіз, ер Риядта кездесіп, соны талқылауды басталық» деп дауысы үзіліп кетердей үздігіп жауап беруден аспады.
Московия лай — балшықты өңірдің бедерінен Лубянка түлектерінің қатқыл дауысы оған тағы жөткірініп алып;
— ал екінші мәселе…. анау Зеленский дегеннің көзін құрт, ол біз сөйлесетін адам емес, күндердің күнінде Украинамен келісімге келіп жатсақ, ол жақтағы үстелде біз тағайындаған өз адамымыз отыру керек, сол кезде біз өз жағымыздан адамдарымызды шығарамыз, ол бородай ма, пушилин ба, әлде мишустин ба, оны сол кезде көреміз, тек бір нәрсе есіңде болсын — путин ешқашан анау наркоман, тоңмойын комикпен бір үстелде отырмайды, ол оның дәрежесі емес!
деп нығырлады.
Ашықауыз, дилетант, торгаш Трампқа бұл жерде тек осы талаптарға мойынсұнып бас изеуден басқа жолы қалмады, аналар бұны ұршықтай үйіріп алды, қазір ол байғұс тек өршеленіп сол талаптарды орындауда.
Олжас ӘБІЛ, саясаттанушы.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.