Семейдегі сұмдық: «Әлинұрды ұрып-соғып, аузына мүшеқап тыққан» дейді блогер

0
1066

ТикТок әлеуметтік желісінде семейлік Арай есімді блогер кеше болған Семейдегі оқушылар арасындағы сұмдық жағдай туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

«Семейдегі 6 сынып оқушысын 7 сыныптың бір топ баласы соққыға жықты. Не істегенін білесіздер ме? Ұрған, соққан, темекі шектірген, мүшеқапты аузына салып, қинаған…

Соққыға жығылған баланың аты — Әлинұр. Әлинұрдың анасы қайтыс болған, өзі әжесінің қолында тәрбиеленіп жатқан бала. Балаға бар болғаны — психологиялық көмек қана берілген. Әлинұрдың отбасына көмек берейікші», — деген тиктокер қолында бар ақпараттарымен бөлісті.

Еске салып өтейік, кеше Семей қаласында бір топ бала бір оқушыны жабылып ұрғаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

«Жасөспірімдер полиция бөлімінің есебіне қойылады. Олардың тәртібін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарайды. Ата-аналар балаларының тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады», — деп жазылған хабарламада.

Фото көрнекілік үшін.

@arailym_944

#семейкала #помогитепожалуйста

♬ оригинальный звук — Арай