«Маймылсыңдар сендер!» деген уағызшы елде намазхандар 2 пайыз ғана деді

0
273

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода уағызшы Жарқын Мырзатай ренішін білдірді деп жазады Democrat.kz.

«Интернеттегі «араб болып барасыңдар» деген маймылдарға айтайын. Маймылсыңдар сендер! Теориямен дәлелдеп берейін, біздің елде намаз оқитындар әйелдерді қоссақ, 2 пайыз.

Ал әйелдерді алып тастасаң, 1 ғана пайыз! Орамал тағу — арабтыкі емес, мұсылмандыкі. Ал Еуропаға ұқсап бара жатқандар қанша?

60-70 жастағы бұтына тырыстырып, сызықтарына дейін көрсетіп киім киген, «вандамның прическасымен» жүрген қатындар қайда ұқсап барады?

Әке-шешесінің көзінше сүйісетіндер, ЛГБТ қайдан келді? Жаңажылда шампан ішіп, баласына «бүгін ішуге рұқсат берем» дейтіндер қайдан келді?

Осылар мұсылманнан емес, арабтан емес, Еуропадан келген жоқ па?» деді Жарқын Мырзатай.

Фото интернеттен.

@musilmanomri

#жарқынмырзатай #ілім #уағыз

♬ оригинальный звук — ТЕЛЕГРАM ПРОФИЛЬДЕ🔞