ҚМБД бүкіл уағызшының әрбір сөзін жіті бақылауда ұстай ала ма?

0
247

Елімізде түрлі әлеуметтік желілерде діни уағыз айтатын «білгіштер» күн санап көбеюде. Осыған орай ҚМБД ондай уағызшылардың әр сөздерін жіті бақылауда ұстамақ деп жазады Democrat.kz.

ҚМБД баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының өзі: “Дін туралы айту үшін міндетті түрде діни білім алу керек.

Егер біз бір адамға дұрыс емес діни ақпарат беріп қойсақ, ол қаншама адамның адасып кетуіне тікелей әсер етеді.

Сондықтан біз сөздің жауапкершілігін түсініп, діни мәселеде діни басқармамен ақылдасып, осы мамандардың кеңесімен жүру керек”, — деп пікір білдірген Информбюро ақпаратының сюжетіне сілтемемен бөлісті.

Ағабек Қонарбайұлының әлеуметтік желіде бөліскен бұл жазбасына қатысты оқырмандары түрлі пікір жазуда.

Фото көрнекілік үшін.