«Кімге сенеміз? Мұхаммед пайғамбарға ма,әлде Жанат Бақытқа ма?!»
Достарым менен дін зерттеушісі ретінде тележүргізуші Жанат Бақыттың космологиялық танымын сұрап жатыр.
Аталмыш «медиумның» сөздерін толықтай тыңдап шыға алмадым,бірақ бір түсінгенім Жанат ханым адамзат тарихындағы мықты идеология мамандары Мұхаммед, Иусус, Моисей,т.б секілді сөйлейді екен.💥
Мысалы араб-парсы мәдениетінде
5-уақыт намаз жұмақтың кілті делінеді.
Әлемдегі 1,5 млрд мұсылмандардың күнделікті 5-уақыт намазы Ислам тарихында миғраж деп аталатын діни аңызға негізделген.
Атап айтқанда бес уақыт намазын еш себепсіз оқымайтын адам Ислам дінінде мұсылман саналмайды.
Ал сол 5-уақыт намаздың қалай мұсылмандарға парыз болғаны туралы Мұхаммед былай деп сипаттайды:
Жәбірейіл періштемен пырақ деген есекке мініп көкке көтерілдік.
Бірінші болып қарсымыздан Адам пайғамбар шықты. Мен оған сәлем бердім.
Ол маған: «Қадірлі Мұхаммед перзентім қош келдің», — деді.
Ол жерден аттанып аспанның екінші қабатына жеткенде Яһия мен Иса пайғамбарлармен,
үшінші қабатта Жүсіп пайғамбармен,төртінші аспанда Ыдырыс пайғамбармен, бесінші аспанда Һарун пайғамбармен, алтыншы қабатта Мұса пайғамбармен кездесіп, ол маған:
«Қадірлі Пайғамбар бауырым,
қош келдің», — деп иіліп сәлем берді.
Кетіп бара жатқанымда ол жылады, сені не нәрсе жылатты деп сұрап едім.
Ол: «Уа, Раббым жәннатқа кіретін менен кейін жіберілген мына баланың үмбеті менің үмбетімнен абзал және көбірек» деді.
Аспанның ең соңғы жетінші қабатында Ибраһим Пайғамбармен кездесіп, ол маған: «Қадірлі перзентім қош келдің»-деді.
Сосын Байтул Мағмурға көтерілдім, Жәбірәйілден «Бұл не?» — деп сұрадым.
Ол «Байтул Мағмур онда күніне жетпіс мың періште намаз оқиды егер ол жерден шықса қиямет күнге дейін оралмайды».
Осыдан кейін біз ары өтіп, Сидратул – мунтәһәға да жеттік, ол Алланың құдіретіне белгі болардай, жемісті үлкен ағаш екен.
Оның жапырағы пілдің құлағы секілді, түбінде төрт өзен бар екен екеуі ішінде,ал екеуі сыртында. Жәбірәйілден мұны да сұрадым. Іштегі екеуі жәннатта, ал сырттағы екеуі Ніл мен Фурат өзені.
Сосын маған және менің үмметіме Алла елу намаз парыз етті, оны қабылдадым.
Енді Алланың құзырынан кері қайтқан кезде алтыншы қабаттағы Мұсаға жеткенімде ол маған: «Не істедің?» дегенде: «Күніне үмбетіме елу рет намаз оқу парыз етілгенін айттым.
Ал ол: «Мен саған қарағанда адамдарды жақсырақ білемін. Шындығында сенің үмбетіңнің бұған шамасы жетпейді.
Раббыңа қайтып барып жеңілдік сұра», — деді. Қайта барып жеңілдік сұрағанымда күніне қырық намазға дейін азайтты.
Алайда, бұл да үмбетіме ауыр келетінін айтқан еврей ұлтының пайғамбары Мұсаның кеңесімен қайтадан Алладан рұқсат сұрай жүріп, 50-ден соңында күніне 5 ретке дейін қысқарттым-деп Мұхаммед сөзін аяқтайды.
Енді айтайын дегенім араб-парсы мәдениетіне сүйенетін Ислам дінінде миғраж оқиғасына сенбеген адам автоматты түрде кәпір саналады.
Құрметті ағайын осы Мұхаммедтің өзі айтқан миғраж оқиғасы психолог Жанат Бақыттың космогониялық сипаттағы регрессологиядан қандай айырмашылығы бар?!
Қалай ойлайсыздар артында 1,5 млрд үмбеті бар ортағасырдағы Мұхаммедтің өзі көрмеген,яғни өмірден әлдеқашан өтіп кеткен 7-пайғамбармен тілдесіп-бірге намаз оқығаны мен көктегі миғраж саяхатына «иман» келтіреміз бе?!
Әлде инстаграмда 2-млн жазылушысы бар немесе заманауи ғылымдарды меңгерген
Жанат Бақыттың астрология және парапсихологиялық эзотерикаға негізделген,яғни Кенесары мен Әлиханның аруағымен рухани байланысқа түскеніне сенеміз бе?!
Тұрарбек Құсайынұлы