АҚШ пен Қазақ елінің достығы мәңгі жасасын!

0
194

Нобель сыйлығының лауреаты Андрей Сахаров пен кезінде қылышы қан тамған
СССР деп аталатын сұм жүйеден талай зұлымдық пен репрессияны көрген, атап айтқанда Хельсинки тобының құрылтайшысы және атақты диссидент Людмила Алексеевамен жақын араласып, достық қарым-қатынаста болған белгілі атыраулық құқықорғаушы Тоғжан Қизатова апайымның қолдауымен кеше Атырауға ресми сапармен келген АҚШ елшісі Д.Розенблюм мырзамен кездестім.

Дэниел Розенблюм мырзамен түскі ас ішіп,
бір сағаттан астам уақыт әңгімелескен кезде, елшінің өте білімді, сұңғыла және тәжірбиелі дипломат екеніне толықтай көзім жетті.

Елшімен болған кездесуде еліміздегі адам құқықтары мен сөз бостандығы туралы сұхбат болып, мен өз кезегімде тіркелмеген
Ата-Жұрт партиясының жетекшісі
Бекзат Мақсұтханұлы -ның заңсыз 15-тәулікке қамалғаны және Қытаймен визасыз режимге қарсы бейбіт митингке байланысты хабарламамды жергілікті әкімшілік елеусіз қалдырғанын айттым.

Сонымен қатар АҚШ мемлекеті мен елшісіне біз қазақтар үшін де жанын пида қылып жатқан азат Украина халқына кешенді көмек көрсеткені үшін зор алғысымды білдірдім.

Айтпақшы өркөкірек-өктемшіл,яғни дипломатиялық этикаға жат іс-әрекетпен әшкере болған Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяо мен Ресей елшісі Алексей Бородавкин сияқтыларға АҚШ елшісі Д.Розенблюм мырзаның қазақтың қонақжайлығына ұқсайтын адами мінезі
мен қарапайымдылығынан
үлгі-өнеге алыңыздар дегім келеді…

АҚШ пен Қазақ елінің достығы мәңгі
жасасын✊️

«Демос» ҚБ төрағасы
Тұрарбек Құсайынұлы