Марқұмның зейнетақысы ұрпағына қалады

0
280

Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) сайтында мұраға қалатыны жазылған, бірақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғана жүзеге асатыны айтылады.

Жерлеуге арналған біржолғы төлем

Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, БЖЗҚ оның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Республикалық бюджет туралы заңда төлем сомасы айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 94 еселенген мөлшері шегінде белгіленген. 2024 жылдың АЕК есебімен ол – 348 мың теңге шамасында болады. Бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспауы керек.

Жерлеуге арналған біржолғы төлем төленді делік. Содан кейін қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында жинақ қалдығы қалуы мүмкін. Егер ол қалдық заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын болса, онда отбасы мүшелеріне «жерлеуге арналған төлем» ретінде төленеді.

Ол төлемді алу үшін Сіз БЖЗҚ-ға мына құжаттарды ұсынуыңыз керек:

1) қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары бар отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) адамның қайтыс болғаны туралы куәлік түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде (МО АЖ) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болмаған жағдайда);

3) өтініш беруші мен қайтыс болған адамның туыстық қатынасын растайтын құжаттың түпнұсқасы (МО АЖ-да өтініш берушінің қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда)

4) қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы бар отбасы мүшесінің банктік шоты туралы мәлімет.

5) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжат

6) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі.

Құжаттар қалай беріледі?

Құжаттар БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш білдіру арқылы тапсырылады

Егер жоғарыда көрсетілген құжаттарды МО АЖ-дан, соның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді, деп жазылған ресми сайтта.

Фото ашық дереккөзден алынды.