DALA INSIDE-тің үстінен қозғалған іс тоқтатылды

0
136

Ішкі істер министрлігі әділ тергеу жүргізіп, DALA INSIDE үстінен қозғалған істі қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатты деп хабарлайды  Democrat.kz ақпараттық порталы DALA INSIDE Телеграм каналына сілтеме жасап.

Өз тарапынан, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева істі жеке бақылауында ұстап отырды.

Астана қаласы Полиция департаменті өз инстаграм аккаунтында тиісті хабарлама берді:

Астана қаласының Полиция департаментіне елорда тұрғыны «365info.kz» және «DALAINSIDE» интерфейстерінде жалған ақпарат тарату фактісі бойынша өтініш білдірді Оның өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.

Барлық тараптардың дәлелдерін зерделеу қорытындысы бойынша іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Фото ашық дереккөзден алынды.