«Бишімбаевтың қызын зорламақ болды» деген хабар тараған

0
202

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман бейне үндеу жолдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әлеуметтік желіде «Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың  қызын зорламақ болды» деген ақпарат тараған болатын.

Қуандық Бишімбаевтың бүрынғы әйелі Назым Қаһарман марқұм Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің беделін түсіру мақсатында оған жала жабылып, беделіне дақ түсіп жатқанын айтты.

«Маған және менің кішкентай қызыма қайтыс болған Салтанаттың ағасының беделін түсіру мақсатында жала жабылды. Сонымен қатар, олар менің сөздерімді емес, өзінің бастығына есеп жазған адамның сөздеріне сүйенген. Адамға жала жабу өте оңай.

Содан кейін өзіңнің дұрыстығыңды дәлелдеп көр. Ар-ұждан да, жан да, жүрек те жоқ. Осы нәрсе жүрегіңді жүз есе ауыртады. Енді мен өзімнің және кәмелетке толмаған балаларымның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау үшін қорғануға және бәрі қалай болғанын айтуға мәжбүрмін. Қандай да бір жын-перілер шоуы өтіп жатыр, соның арасында мені және қызымды отқа лақтырды», – деп жазды Назым Қаһарман.

Сондай-ақ Назым марқұм Салтанат Нүкенованың ағасымен таныс та, дос та емес екенін қосты.

Фото ашық дереккөзден алынды.