Жер сілкінісі тағы қайталана ма?
Алматы әкімі Ерболат Досаев сағат 11.40-тан бастап шұғыл штабта жиналыс өткізіп, қосымша іс-шаралар жоспарын талқылап жатыр, деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Қаланың барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі қосылған. Қалалық полиция бөлімі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Барлық мектеп мен балабақша ашық, жиналу пункттері жұмыс істеп тұр.
Жедел жәрдем қызметі мен барлық көпсалалы аурухана, соның ішінде мамандандырылған аурухана, балалар ауруханалары, перзентханалар жұмысы жақсартылған режимде ұйымдастырылған.
Сенімсіз ақпаратты таратпауды және сенбеуді сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз, — делінген Алматы қаласы әкімдігінің хабарламасында.
Естеріңізге салып өтейік, бүгін наурыздың 4-і күні Алматы қаласында магнитудасы 5.4 балдық жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент афтершоктар қайталануы мүмкін екенін ескертті.
Сонымен қатар сағат 16-00-ге дейін мүмкін болса, биік ғимараттарға кірмеуге кеңес берілді. Алматыдағы метро да өз жұмысын 2-3 сағатқа тоқтатты.
Фото ашық дереккөзден алынды.