«Ата-анадан баласын тартып алатын заң» рас па?

0
184

Желіде мемлекеттік органдардың отбасынан баланы тартып алатыны жайлы ақпарат тараған. Білім министрлігі қазақстандық балалардың ата-аналарына үндеу жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасы туралы видеоны ведомставаның Telegram-дағы арнасында жариялады.

«Құрметті, ата-аналар! Қазіргі таңда парламентте әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заң жобасы талқылануда. Аталған заң жобасында отбасыдан балаларды мемлекеттік органдар тартып алуына мүмкіндік беретін нормалар бар деген жаңсақ ақпарат тарауда.

Бұл ақпарат еш бір шындыққа сәйкес келмейді деп ресми түрде мәлімдейміз. Қаралып отырған заң жобасында және мәжілістегі басқа да нормативті құқықтық актілерде балаларды отбасынан тартып алуға қатысты бірде-бір норма жоқ.

Мемлекеттік саясат баланы туған отбасыда тәрбиелеу құқығын қамтамасыз етіп, балаларды тәрбиелеу мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде ең алдымен олардың ата-анасына басымдық беруге бағытталған.

Мемлекет өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға арналған тиімді шараларды үнемі іске асырып келеді. Осы бағытта кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия құрылған.

Психологиялық және отбасылық қолдау орталықтарының жұмысы шеңберінде осындай отбасыларға тұрақты түрде көмек көрсетілуде. Құрметті, ата-аналар, әр түрлі фейк ақпаратқа сенбеуді және тек ресми ақпарат көзіне сенуді сұраймыз «, – деді Еділ Оспан.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.