Ауру-сырқауға ақша жинаушыдан есеп алынуы керек

0
207

«Арам ойламайтын ағайынның арқасында ақша жасап жүрген тағы бір топ бар, олар: ауру адамды жұртқа көрсету арқылы оның еміне, өзіне, тұрмысына ақша жинайтындар», деп жазады қоғам белсендісі Тқртуыл Шоқан өзінің Facebook парақшасында.

«Ойлаймын да, осылар есепті кімге береді? Мысалы, 100 000 адамнан 1000 теңгеден жинаса—100 млн теңге жиналады.Бұл орташа есеп.

1 млн маңайында подписчигі барлар 1000 теңгеден жинасыншы, қанша болады? Осының 18-20 млн-ына үй әперіп, болмаса, ауру адамның керегіне жаратар» деген қоғам белсендісі жиналған мұндай ақшалардан кімнің қалай пайда көріп жатқанына тоқталды.

«ИП болмаса ТОО ашып 3—10% салығын төлер, қалғаны өзінікі, солай ма? Жақсы бизнес, иә?

Сондықтан да кейбір актерлар ауратын адамның қасына отырып алып қосыла жылап, подписчигі чувстваларында «ойнайды».

Неғұрлым шынайы көрсетсе, соғырлым көп жинайды.Жақында байқадым, бірі екіншісіне қымбат көлік сыйлай бастады.Өздері жақсы үйде тұрады, жақсы жерден тамақ ішеді.Осының бәрі аңқау, аңғал адамдар есебінен.

Осындай іс қаншалықты дұрыс, ойланыңдаршы ағайын!», дейді Төртуыл Шоқан.

Фото ашық дереккөзден алынды.