«Jusan Bank» АҚ басқармасында жаңа басшы

0
113

«Jusan Bank» АҚ басқарма басшысы болып  Гүлмира Джумадиллаева тағайындалды деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

Гүлмира Джумадиллаева Алматының халық шаруашылығы институтын бітірген. Банк саласында 25 жылдан астам уақыт тәжірибесі бар. Соның ішінде соңғы 20 жылда басшылық қызмет атқарған.

2007-2021 жылдар арасында Г.Джумадиллаева Kaspi Bank басқарма басшысының орынбасары болды. Сондай-ақ ол үкімет аппаратында да қызмет атқарған.

Фото ашық дереккөзден алынды.