Жіберілген көмек діттеген жеріне жетіп жатыр ма?

0
396

Осы «табиғат апатынан зардап шегіп жатқан облыстарға көмек көрсетіліп жатыр» деген бейне көрсетілімдер шаш етектен. «Теңіз шевройл екі миллиард т.б бизнес өкілдері пәлен миллион аударыпты» деген ақпараттан көз сүрінеді.

Ал енді қырғыз бауырлардың, жамбылдық азаматтардың т.б. көмекке толы заттар тиеген машиналарының санында есеп жоқ. Риза боп жатырмыз!

Дегенмен бір жай ойлантады, айтпай кетпесімізге болмады. Сол көмектер қайда, қай жерге барды, зардап шеккен, табиғат апатымен арыстандай алысқан адамдарға жетті ме? Жетсе, қалай бөлініп жатыр.Нақты жауапты іздесең де таппайсың.

Тіпті базарға барып алай да, былайда ақша лақтырып қиыншылыққа түскен жерге қажетті керек заттардан алып машинаға артып шыға берісінде дейін көрсеткен, аттандырған анау қарындасымыздың ісіне дәл риза болып көзімізге жас алып «жарайсын» деп жаттық. Шығарып салған бейнетаспа бар қалай жеткізілгені туралы ақпарат жоқ.

Міне, бар гәп сол «миллиардтаған қаржы мен көрсетіліп жатқан көмектің нәтижесі қалай шешілуде?» дегенге келіп тіреледі. Анау шуылдап жүрген блогерлер мен БАҚ, электронды ақпарат тарату құралдарында да бұл жай туралы мәлімет бермейді, көрсетсе де аз, жылт ете қалады. Кейде бір жерге жиналған адресі жоқ аз- маз заттарды көрсетіп қоятындары да бар.

Сондықтан сол облыс, аудандарда мемлекеттен ақша алып отырған баспасөз орталықтарында қаншама қызметкерлер бар. Ең құрығанда солар жан- жақты, нақты көрсетілген көмектің қандай жағдайда жеткізілгені, есепке алынғаны, жауаптылар кімдер, ол халыққа қалай жеткізілу мен таратылуы жайлы ақпаратты күн сайын журналистерге блогерлерге, жергілікті белсенділерге ең құрығанда баспасөз парақшасы арқылы таратып халықты құлақтандырып отыруы керек қой.

Қазірдің өзінде сол «көмекке» деп бөлінген заттарды ескі қүсқы заттардан тұратыны, тіпті келмегені, ұрланып жатқандығы, қаптардың өзін сатып ақша жасап жатқандар туралы да әңгіме шығып жатыр.

Сондықтан көп болып көмектесіп жатқан, барын «қиыншылық көріп жатқандарға жетсін» деп ақ ниетпен, ұйымшылдықпен жинап жіберіп жатқан көмекке байланысты барлық ақпарат ашық жарияланып тұрса.

Әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер ең құрығанда табиғи апатпен алысып жатқандарға жеткізілуіге, жинаған көмек қоры қолды болып кетпеуіне байланысты ақпарат беретін, тарататын қолда бар қызмет түрлерінінің үздіксіз жұмыс істеуіне күш салу керек.

Күні- түні азаматтық көрсетіп, ауылдарың табиғат апатынан қорғау жолында жанталасып жатқан азаматтардай «жаныңды шүберекке» түйіп қызмет жасап нақты, шын ақпараттар беріліп тұрса, өсекке де ондай жерде жол берілмейді.

Кенже Жұмағұловтың

Facebook парақшасынан.

Фото ашық дереккөзден алынды.