Бүркіттің Аишасы қазақша сөйлегісі келмей ме, әлде…?
Жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның сахнада бірге жүргеніне 14 жыл болған. Аиша «ХабарLike» бағдарламасында неліктен қазақша сөйлемейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Аиша ислам дінін қабылдап, мұсылманша есімін өзі таңдап алды. Виктория деп хабарласатындар көп. Екеуміздің жас айырмашылығымыз — 13 жас», — деді Бүркіт. Ал Виктория Аиша есімін қалай таңдап алғанын айтты. «Аиша деген алғашында лақап есім болды. Маған ұнады. Өзім таңдап алдым. Кейін мұсылманша есіміме айналды», — деді Аиша.
Сонымен қатар Аиша қазақ тілін үйрететін курсқа жазылғанын айтты. «Уақытым жоқ. Шынымды айтсам, мен қазақ тілі курсына жазылдым», — деді Аиша. Әнші Бүркіт әйеліне қысым көрсетпейтінін айтты. «Маған «Жігіт әлсіз ғой» деп жазады. Бұл кісі қазақша бәрін түсінеді. Бірақ сөйлегісі келмейді. Үйреніп жатыр. Мен қысым көрсетпеймін.
Балаларым қазақша мектепке барады, сөйлейді. Ата-анамды бір жылдай болды, қолымызға көшіріп алдық. Сол жақсы болды, олар қазақша сөйлейді. Бір жыл ішінде сөйлеп кетеді-ау», — деді Бүркіт.
Фото ашық дереккөзден алынды.