Ресейдің Қорған облысында су тасқыны қаупі әлі бар
Тобыл өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр Қорған облысында Тобыл өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Мамандар 14-15 сәуірге таман жағдай ушығатынын болжап отыр. Қазірдің өзінде бірнеше елді мекенді су басқан. 6 мың адам эвакуацияланған. Жергілікті шаруалар биыл шаш етектен шығынға батуымыз мүмкін деп алаңдаулы.
Су басқан өңірлерде А гепатитіне қарсы вакциналау жүріп жатыр. Ол үшін облысқа екпенің 27 мың дозасы жеткізілген. Қазір Қорған қаласының маңында дамба нығайтылып жатыр. Онымен айналысып жатқандарды жергілікті қоғамдық тамақтану орындары тегін ас-ауқатпен қамтамасыз етіп отыр.
Фото ашық дереккөзден алынды.