Ресейдегі су тасқынында халық өзі бөгет соғуда

0
77

Орынбор маңындағы ауыл тұрғындары үйлерін су тасқынынан құтқарып қалған бөгетті өздері салып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Олар шамамен 3 миллион рубль жинап, бес күн бойы тәулік бойы жұмыс істеген. Бөгеттің ұзындығы – 1,5 шақырым.

Тұрғындардың айтуынша, олар әкімшіліктен ешқандай көмек алмаған. Сондай-ақ тұру ережесін бұзғаны үшін төтенше жағдай кезінде берілетін төлемді де алмаған.

Олардың сөзінше, тіпті кейбір шенеуніктер оларды рұқсатсыз жұмыс істеп, бөгет салғаны үшін жазалаймыз деп қорқытқан.Таңғы 8:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 776 см болып тұр, яғни су 8 см көтерілген.

13 сәуірде Жайық өзеніндегі Орал гидрологиялық бекетінде су деңгейі 743 см-ге дейін көтерілді, қауіпті деңгей 850 см болды. Облыстың ішкі өзендерінің көбінде су тасқыны шарықтау шегіне жетті.

Фото ашық дереккөзден алынды.