“Жаназа”, “ораза”, “пайғамбар”- араб сөздері емес

0
335

Қазақ тіліне араб парсы сөздері еңгенін мойындаймыз, бірақ! Көптеген қазақ сөздерін араб, парсы сөздері дегені дұрыс емес. Оларға араша түсіп, қазаққа қайтару керек.

Мысалы, жаназа, ораза, аруақ, рух, пайғамбар, білім, ғылым, ілім, жан, тағы да көптеген сондай сөздер бар, … — таза қазақ сөздері.

Сонымен де, қазақша баламасы жоғалған таза араб, парсы сөздері бар. Мысалы, намаз. Арапша ол мұсылманның бес парызының бірі. Намаз — намасте, амандасу деген үнді сөзінен шыққан. Қазақ баламасы қандай?

Орысша оны «молитва» дейді. Үнділер намасте деп таңмен амандасса, орыстар молитва оқып жаратушыға жалынып жалбарынады, арабтар намаз оқып құлшылық етеді. Қазақтар құдаймен қалай сөйлеседі?

Осы сұраққа жауап іздеп, біраз сөздерді сараладым. Қазақтар құдайдан тілеу тілегенде, тәңір жарлықасын, жар бола гөр деген сөздерін қалай атаймыз. Жалбарыну? Бұл сөз адамның еңсесін басады, батырлар жалбарынбайтын. Батырлардың да құдайдан сұрайтыны бар. Тілеу? Адам құдай емес, адамнан да тілейтініміз бар. Қазақ тілінде жиі қолданатын бата, дұға сөздерін саралап көрейік.

Бата — адамның адамға киелі жақсы тілегі. Оны құранның бірінші сүресі деп татар молдалар жасады ма, бұрмалады ма? Арабша бата [баракатон] екен. Қазақтар батаны адамнан жинайтын. Адамдар құдай емес. Сондықтан бұл сөз тек құдайға арналған сөз десек, құдай адамға іспеттес болады. Яғни бұл «молитва» емес.

Дұға — арабша дұға, түрік, парсы тілдерінде намаз екен, ивритте [тфиля]. Дуалау — дұғалау — бір сөз екен. Арабша оны бата сияқты [баракатон] дейді. Дұғай сәлем — арапша [мархабон], дұғағой — дұға оқығыш, тілеу тілегіш, арапша [ла тусали]. Соған қарағанда бұл сөз араб сөзі емес.

Сонымен, дұға діни сөзі дейміз, бірақ ол көне қазақ сөзі көрінеді. Әйтпесе, молитва, намаз сөзіне қазақ тілінде балама жоқ па?!

Қазақтар құдайға тілеуін айтқанда жатып, тұрып, жүре, жүгіре, отыра да айта беретін. Арнайы киім кимейтін, арнайы жерге бармайтын, өйткені құдай ылғи, әр мезетте оның қасында, ішінде, сыртында. Кейде құдаймен дауласып, ұрысып та қалатын. Бірақ құдайға арналған сөздердің атауы болуы тиіс. Тағы бір қазақ сөзіне араша түсейік!

Айгүл Қоқайдың

Facebook парақшасынан.

Фото ашық дереккөзден алынды.