Президент: “11 аймақта 20 бөген салынады”

0
169

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті сессиясында Сейсмология институтының әлеуеті күшейетінін және жаңадан су бөгендері салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Апаттарға қарсы күрестің тиімді жүйесін құруды көздейтін күрделі шаруа шешімін табуы керек. Сондықтан табиғат апаттарымен күресетін пәрменді шаралар қабылдау үшін мемлекет пен ғылымның ықпалдастығын іс жүзінде қайтадан түзу қажет.

Менің тапсырмаммен Тараздағы Қазақ гидромелиорация-құрылыс институты қайта құрылады. Сондай-ақ Алматыдағы Сейсмология институтының әлеуеті күшейеді. Климат өзгерістерін зерттеп, тежеуге айрықша назар аударылады», – деді президент кезекті ассамблея отырысында.

Ел басшысы су шаруашылығы саласын басқару жүйесі, соның ішінде «ҚазСуШар», «Нұра топтық су құбыры» сияқты компаниялар да түгел қайта құрылатынын баса айтты.

«Елдегі бөгеттер мен бөгендердің барлығы дерлік өткен ғасырдың 50-70-жылдары салынған. Заман талабына сай су қоймалары тапшы болғандықтан, биылғы тасқынның зардабы тіпті ауыр болды. Сондықтан Қазақстанның 11 аймағында жаңадан 20 бөген салынады, тағы 15-іне күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонда 134 елді мекенді су басу қатері едәуір азаяды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото ашық дереккөзден алынды.