«Тоқал алу бізге де бұйырсын» дейді жастарымыз

0
283

Әлеуметтік желіде Сауд Араб елдерінде серуендеген қазақстандық жастар үш әйелін ерткен араб еркегіне қызыға қарап, пікір білдіріп, видео жариялады деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.

Үш әйелін соңынан ерткен араб еркекті сырттай видеоға түсіріп алған жігіттердің даусынан олардың әрі кетсе, 20-25 жаста екенін аңғаруға болады. «Қараңдаршы, үш әйелі бар еркек! Не деген бақытты! Үш әйелімен тату-тәтті болып жүр. Біз сорлы екінші әйел ала алмай жүрміз. Бізге де бұйырсыншы! Жігіттер осы еркек сияқты жүруі керек» дейді. Яғни, өзін еркек санаған адам кемі үш әйелін ертіп жүруін қолдайды екен бұл жігіттер.

Видеоға қатысты пікірлерде де «машалла, бізге де бұйырсын!» деген пікірлер өте көп.

Фото ашық дереккөзден алынды.