Шенеуніктер неге георгий лентасын алуда?
Қазақстандық шенеуніктер 9 мамыр қарсаңында жанталасып георгий ленталарын сатып алуда деп жазады Democrat.kz. Ақпараттық порталы Ratel.kz—ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік сатып алу сайтын қарасаңыз, қазақстандық әкім-қаралар георгий ленталары үшін тапсырыс бергенін және қанша теңгеге сатып алып жатқанын көруге болады. Ең қызығы, шенеуніктеріміз өзіміздің отандық Жеңіс лентасын емес, георгий ленталарына тапсырысты қарша боратып беруде екен. Тапсырыс берушілердің басым бөлігі аймақтардағы ішкі саясат бөлімдерінен түскен. Сонда қазақстандық шенеуніктер отандық Жеңіс лентасын емес, георгий лентасына неге «құмартып» отыр?
Фото ашық дереккөзден алынды.