Серікзат Дүйсенғазының ұлының қазасына қатысты сот шешімі шықты

0
78

Белгілі ақын, филология ғылымдарының докторы Серікзат Дүйсенғазы ұлының қазасына қатысты сот шешімі шықты.

Көпшілікке тау шаңғысы курортының қызметтерін ұсынатын «Elikti Park» ЖШС-ның директоры кінәлі деп танылып, төрт жылға сотталды

«Сот тау шаңғысы курортының директорын төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар үш жылға дейін қызмет көрсете алмайды», — деп қорытындылады Ақмола облысының Зеренді аудандық соты.

Шаңғы курортының директоры демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді, соның салдарынан жасөспірім қайтыс болып, екі қыздың денсаулығына зиян келтірді деп айыпталды.

Қауіпсіздік шараларын түсіндірмей, баланы трассаға жіберген. Жасөспірім тік беткейден түсіп бара жатып, қоршалмаған ағашқа соқтығысып, жарақат алып, қайтыс болған.

Фото ашық дереккөзден алынды.