«Құран — Інжіл мен Тәураттың көшірмесі»
Кейде әлемжелілерде пікірталас барысында эмбриологиядан хабары жоқ болса да “құран кітабында эмбриологияны 7-ғасырда жазып қойған. Оны медицина ғылымы енді анықтап жатыр” деп дауласатындар көп.
Сондай қызылкеңірдек боп айтысатын, сауатсыз, білімсіз, надан дүмшелердің бірі болсаңыз, сізге айтарым:
Сіз құранды оқымағансыз және эмбриологиядан хабарыңыз жоқ. Сондықтан үндемегеніңіз абзал. Құранда ешқандай да даму сатысы көрсетілмеген. Ол жерде тек жалпылама түрде ғана айтылған және эмбриологияда айтылғанның мыңнан бірін де айтпайды.
Құрандағы жазылған бір тамшыдан жараттық деп бастайтын құран сүрелерінің аяттары медицинадағы адам эмбриологиясына мүлдем сәйкес келмейді. Құран кітабында маңызды ешнәрсе айтылмаған, бар болғаны 7-ғасырдан мың жыл бұрын ежелгі грек дәрігерлерінің жазғандарын дұрыстап түсінбей қате көшірген. Оған құрандағы Хаж, Мүминүн, Зүбәр сүрелеріндегі мына аяттар дәлел:
Хаж сүресіндегі 5-аят: Әй адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін үйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық.
Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек түрінде шығарамыз. Одан кейін ержетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де әр түрлі көркем өсімдік өндірді.
Мүминүн сүресі, 12-аят: Расында адамды нағыз балшықтан жараттық.
13-аят: Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық.
14-аят: Сосын тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жан салдық. Жаратушылардың шебері ұлы Алла.”
Зүмәр сүресі, 6-аят: Алла (Т.) сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты. Тағы сендер үшін малдардан (түйе, сиыр, қой, ешкі.б-С. 143-А.) сегіз түр пайда қылды. Және сендерді аналарыңның ішіндегі (құрсақ, жатыр, қағанақ) үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. (22-С. 5-А. 23-С. 14-А.) Міне осы Раббыларың Алла (Т.) Патшалық Оған тән. Одан басқа еш тәңір жоқ. Қайтып бұрылып барасыңдар?
Осыны эмбриология деуге келе ме? Жоқ! Мұхаммедтің аннан-мұннан шала көшірген өтіріктері. Құран кітабы інжіл мен тәураттың көшірмесі, яғни плагиат. Осындай өтіріктерге не білімі жоқ, не ақылы жоқ, не сыни пайымы жоқ, не рационалды ойы жоқ ақымақтар ғана сенеді. 21-ғасырда өмір сүріп, 7-ғасырдағы жабайы адамдарға арналған соқыр сенімге толы ислам дінінің ертегілеріне қараңғы және надан адамдар ғана сенеді!
Дәуренбек НЫСАНОВ,
Доктор Ph.D., м.ғ.к., дәрігер-кардиолог.
Фото ашық дереккөзден алынды.