Қазақта мұндай дәстүр бар ма?

0
365

Әлеуметтік желіде үйлену тойында енесі келінінің бетін ашып, тәттіні келінімен бірге тістеп жатқан видеосы тарап жатыр. Желі қолданушылары мұндай дәстүр қазақта жоқ екенін айтып, той иелерін сынап жатыр деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ -ке сілтеме жасап.  

Желі қолданушылары мұндай дәстүр қазақта жоқ екенін айтып, той иелерін сынап жатыр. «Не масқара? Қазақта мұндай ырым жоқ», «Қазақ халқының әдемі салттарын бұрмалап, үнді киноларына еліктеп, халқымызды әлемге масқаралап болды», — деп жазды желідегілер.

Осы ретте этнографтар да асабалар қазақта жоқ салт-жоралғыны жасап жүргенін айтады. «Оның бәрі ойдан шығарылған асабалардың шоу бағдарламалары. Бұл қазақтың дәстүрінде жоқ, ол бәріне белгілі», — дейді этнограф Тәттігүл Қартаева.

Ал этнограф Серік Ерғали қазақи мәдениет құрып бара жатқанына қынжылатынын тілге тиек етті. «Қазақтың сүйгендері де сүйіспеген. Жігіт сүйгенінің маңдайынан ғана сүйген. Қазақта мұндай сылтауратып сүю деген жоқ. Қазір жұрттың бәрі хит қуып кетті ғой. Хайп қуып, осылай түр-түрін істеп жатырмыз. Жалпы жыл өткен сайын қуып бара жатырмыз», — дейді ол.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.