Баласын орысша оқытқан намыссыз ата-ана көп

0
274

Осы зобалаң зұлмат жылдары, қазақты қолдан қыру үшін жасалған аштық жылдарға, жау жағадан- бөрі етектен алған алмағайып заманға тарих куә. Күллі қазақ елі куә.

Жақсы енді бәрі тарихтың еншісінде дейміз ғой. Болары болды деп. Бірақ қазағымның сол зұлматтың қайтарымы болсыншы деп, Қазақ елінің мәңгілік ел болып қалыптасуына ат салысайыншы деушілер саны аз ау деген ой туады кейде.

Оған себеп айнала көпшілік қазақтың өз ана тілімді құрметтейінші демеуі. Қашан да, қайда қарасаң да айнала өзге тілде шүлдірлеп әлек болған қара көздер. Сонда қазақ тілін қай уақытта қажет етеді бұл қазақ деп таңдануға болғандай.

Қазақ тілін қажет етпейтін Қазақ Мемлекетінде, қазақ тілінің болашағына алаңдауға әбден болады -ау. Ел ішінде өз ана тіліне құрмет көрсете алмайтындар өте көп. 5 -еуі тұрып 1-і өзге ұлтқа бола сол түсінсе болды деп жалбақтап өзге тілде сөйлеп әуре болып жататындар жетіп артылады.

Ешкім намысқа тырысқысы жоқ. Одан қалса үйде өзара қазақша сөйлесіп отырғандар да баласын орыс сыныбына тасып әлек. Өз ана тілінде сөйлей алмайтын, сөйлей алмаған соң қазақша ойлай алмайтын ұрпаққа қазақ елінің болашағы да көп қызық емес ау сірә да….

Себебі қайда да, қашан да Мемлекеттік тілге жанашыр болып табылатындар ғана осы қазақ тілділер екені даусыз. Сондықтан да Мемлекеттік тілде, өз ана тілінде сөйлей алмайтын ұрпақ қазақ тілін жақтап шығуы екіталай.

Содан да мектептің қай- қай сыныбында болса да қазақ сыныбы 2 сыныптан артылмай, орыс сыныбы 4-5-6 сыныптан кей жерлерде тіпті одан да көп.

Сол орыс сыныбында 100% дерлік қазақ балалар. Сонда қазақ тілін қажет етпейтін ұрпағы бар ел қашан, қалай көгермек деген ой саналы жанды мазалары хақ.

Жақында ғана баласын 1 сыныпқа бергісі келген өзі таза қазақша сөйлеп тұрған ата- анаға балаңызды қазақ сыныбына берейін деп келесіз бе десем, жоқ, қазақша біледі ғой орысша үйрене берсін деген жауабын естіп өз ойымды айтып үлгердім.

Бірақ бұндайларға бәрібір. Оны Мемлекеттік деңгейде қолға алмай болмайды екен. 1 сыныпка қабылданып жатқан баланың қай тілде еркін сөйлей, жауап бере алуы жақсы екенін бақылау арқылы. Әйтпегенде қазақ елінің Мемлекеттік тілінің болашағы бұлыңғыр секілді ау деген ой мазалары сөзсіз…

Жұмасұлу СҮЛЕЙМЕНОВА,

Facebook  жазбасы.

Фото интернеттен алынды.