Құлыбаевтардың мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

0
177

Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 миллион доллар (29,5 миллиард теңге), ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап. 

Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаевқа тиесілі компания шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қойған. Сол залалды өтеу қажет болды.2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаевтың меншігіне өткен екен.

26 ақпанда Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді.

Фото интернеттен алынды.