Хиджаб кигендерді жазалау басталды
Қазақстанда діни киімдерге қатысты заңмен тыйым салу мәселесі алдағы күзде қолға алынбақ. Ал көрші елдерде хиджаб, ниқаб сынды киім кигендерді жазалау науқаны басталып кетті деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы.
Қазақтан гөрі қожасы мен молдасы көп Өзбекстан елінде қоғамдық орындарда хиджаб, ниқаб, бурка киген әйелдерді жазалау басталды. Ресми мекемелер былай тұрсын, сауда орындары мен жай ғана көшеде әлгіндей діни киіммен жүргендерді полиция бір сөзге келмей, көлікке тиеп әкетуде.
Маусымның 14-і күні бет-әлпетін танып-білу мүмкін емес, бүргенген әйелге байланысты Әндіжанда сот отырысы өтіп, әлгі әйелге үлкен көлемде айыппұл салынды.
Дәл осындай жағдай екінші бір көршіміз, бізге қарағанда анағұрлым діншіл ел саналатын Тәжікстанда да қарқынды жүруде. Тәжік президенті елінде өзге ұлттың киімін киюге тыйым салып, «тәжік әйеліне тән орамал тағуды» бұйырды.
Осыған байланысты Тәжікстанда кез келген ғимараттың кіреберісінде арнайы тексеруші әйелдер бекітілген. Егер әлдебір келіншек хиджаб, ниқабпен келе жатса, басындағы орамалын тәжік әйелінің орамалындай байлап, оранған «сәлдесін» шешкізуде.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
@ivarlamov «Чё Происходит 222» на YouTube-канале