Су тасқынында кім қанша ақша берді?

0
150

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсеткен кәсіпкерлер жайлы айтты, деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы Аzattyq rýhy.-на сілтеме жасап.

«Көп журналист су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға кәсіпкерлер қандай көмек көрсеткенін нақты сұраған болатын. Кестеде өңірлер бойынша қандай кәсіпкерлер көмек үшін қанша қаражат бөлгені көрсетілген. Су тасқынынан ең көп зардап шеккендерге баспана алу, оны жөндеуге көмек көрсету тетіктері қарастырылады. Ақмола, Қостанай, БҚО Ақтөбе облысы және Атырау облысы су тасқынынан көп зардап шеккен тізімде бар», — дейді ол.

Бозымбаев атағандай, кәсіпкерлердің біраз бөлігі «Демеу» қоры мен «Қазақстан халқына» қоры арқылы қаражат аударған.

«Біз мұндай ақпаратты алғаш рет көрсетіп отырмыз. Бұл мәліметтерді жұмысқа қолдана аласыңдар», — деді журналистерге Бозымбаев үкіметте өткен баспасөз конференциясында.

Фото интернеттен алынды.