«Биті семірген» адамды жақтап…»

0
684

“Өз еліңдегі қасқырларды құртсаң, өзгелердің итіне таланасың”. Рас қой. Бірақ бұл жердегіні тауысып аспанда тәртіп бұзған Қабатовқа жүрмейді.

Оны қорғап жазған пікірлер мен посттарға қарап таңғалып отырмын. Көп уақыт өткен жоқ, шешендердің қолынан қаза тапты делінген Нұрлан марқұм жайлы жазылғанда бұ нөпір қайда жүрген? “Думанға араша”, “Әйгерім жазықсыз сотталды” дегенді жазып жатыр, Тұрсынбекке шаң жуытқысы келмей отырған бұ қазақ неге үнсіз, әлде әзілкеш Тұрсынбек пен әділдіксүйгіш Думанның бет терісін құдай екі бөлек материалдан жасап па?

Олар да қазақ қой сотталып кеткен. Мынау боқтапты, әуеде тәртіп орнатпақ болған шығар, бірақ ішіп алып айту керек пе?.. Әй, қазақтар, анау Думан мен Әйгерім ішіп алмаған шығар… Жар-райды! Басқа қазақ, көпке физиономиясы танымал емес қазақ әлдебір құдалықтан қайтып, ішіндегі 100 грамның күшімен боқтап қап тәртіп бұзып бес күнге қамалса…

Анау ақын апам пост жазып араша сұрар ма еді, қорғар ма еді? Қорғаған дұрыс, талатпаған жөн, қазақ қазаққа жанашыр болу да керек. Әй, бірақ кімге қалай тілеулес болуың керек, кішкене ойлансаңшы. Есеп беру дерті меңдеген-ақ екен… Енді не?

Жерлеске де арашашы болған жөн, ұят болады. Ертең… Керек болғанда, жүз көріскенде! Бәрін түсінем ғой, қазақтар. Бірақ ше, анау Алмат Сақатов деген — актер жігіт менің де “туған” жерлесім. Беті аулақ, бірақ осы секілді орынсыз “еркелеп” қойса: “Әй, ит-оооой, бізді жер қылдың ғой, жерлестеріңді”, — деп пост жазар едім. Құдай сақтасын бірақ.

Әкесі мықты ғой, жарықтық, баласы кір келтірмейді атына! Жүр ғой, міне, мында ел алдындағы Дарын Болатхан! Жерлесім менің! Өнерпаз, асабалығы да, әншілігі де бар. Осы алатайдай бүлдіріп бірдеңеге ұрынып, ана сияқты шулатсыншы, басқа емес, мен ит терісін басына қаптап пост жазар едім.

“Жер қылдың ғой-ей, ақымақ!” — деп тұрып! Ал сендердікі не!? Биті семірген адамды жақтап, неше рет аты шығып кетті ғой ендігі. Қызының ҰБТ кезінде шатылғанының өзі не тұрады.

Ойбай, мәдениетке еңбек сіңіріпті! Әй, мәдениетті адам сөйте ме енді? Ұлт мәдениетін көтеріп, қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқандай тегіііі аспандатыпты… Қане? Талдап көрсетіңдерші!

“Тамашаның” тарландары тірі ғой, Тұңғышбай-Тұқаң ағам айтсын, Лидия апамдар айтсын! Ұлтты келекелеген де әзілге жата ма екен? Өздері солай әзілдеп пе қазақты мазақ етіп.

Сахнада өздерін қалай ұстапты олар? Бет-аузын орынсыз тыржыңдатып маймылкейіптес болып өнер көрсетіп көріп пе көрермен алдында? Кеше ғана өмірден өткен Асқар Наймантаев ұлт мәдениетін көтеру үшін шырылдап тоқсан пост салғанда неге қолдап ала жөнелмегенсіңдер-ай? Ойбай-ай, тегі!

Өткен аптада ғана улыған да шулыған қылып Бауыржан атаның елге белгілі суретінің ойылған бетінен осы Қабатовтың әйелі шыға келгенде неғып қазақ мәдениетіне “өлшеусіз үлес” “қосылғаны” айтылмаған-ей!

“Керемет” қолдау білдіріп пікір жазған анау Айт-Ман Нұржан ағамның түсінігі таңғалдырғанына қарап, өзімнің мәдениеттен “сәпсім” “алыс қалғанымды” біліп отырмын. О, тоба!

Құдайым-ай, біздің зиялы һәм ұлтжанды (ұлтшылдар санаулы) ақындарымыз, Тұрсынбектің қылығын “қолдап”, әйеліне “тәйт” демей-ақ қойсын, анау балапан депутатқа “ұят-ай” деуге жарамады-ау…

…”Мың асқанға бір тосқан”. Еееей, Бауыржан біткеннің бәрі БАУЫРЖАН ЕМЕС! Аруақ бар атпай қоймайтын, зауал да бар соқпай қоймайтын. Биік қалпыңда қалшы, құрысын.

Өз басым “асқар тау алыстан айбарлы, қасына барсаң — қотыртастың” мағынасын білем, ал соны ұқпайтын қазақ иттің басынан көп, ең болмаса, соларды аясай! Өз ойым — өзімдікі.

Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.