Құран кітабы туралы не білесіз?

0
956

Жер-әлемде құранның 29 нұсқасы барын, олардың арасында 93 000 айырмашылық орын алғаны дәлелденген. Бұл туралы Ислам дінін зерттеуші Джей СМИТ өз дәлелдерін алға тартады. (төменде видеода)  

«Құранның алғашқы нұсқалары көзін жойып, өз нұсқаларын ұсынған екеудің бірі: Омар ибн Хаттаб та, екіншісі: Халиф Осман!

Осман құранның 6 данасын бастырып, оның 5 данасын негізгі нұсқа ретінде таратқан.

Ал біреуін мешітте өзі оқып отырған жерінде өлтірілген.

Сол, Османның қаны тамған құран құнды саналады.

«Негізгі» құранның толық нұсқасы— Мұхаммед өлгеннен кейін 100 жылдан соң жиналып басталған, Саудия елі аударып таратуға рұқсат берген нұсқа: «Хафс» нұсқасы.

Авторы Ирактың Куфи қаласы тумасы, 709-795 жж арасында өмір сүрген

Хафс аль Куфи!

Осман халиф бастырып бірін Ирак, бірін Сирия жеріне жіберген құрандар негізінде жазылып, жүре толықтырылған құран болса керек.

Исламдағы 4 мектептің қалыптасуына да осы — әркім өзінше тәфсірлеген төрт имам себепші.

Мұхаммедтің «мен өлгесін ислам 73 ағымға бөлінеді, бірақ, соның біреуі-ғана дұрыс болады..» дегені шындыққа жанаспайды.

Өйткені, көзі тірісінде Мұхаммед өз сөздерін теріп жазуға тыйым салған.

Ал, хадистердің пайда болуы — ел басқару ісінде шариғат заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін қажет болды.

Ал «құран — жанынан бір әріп қосуға болмайтын, бір әрпін алып өзгертуге болмайтын — толық кітап. Өзгертпек болған адам — жаханнамдық» деген аяттың іске алғысыз екенін 29 нұсқалы құранның арасындағы 93 000 айырмашылық анық көрсетті.

Жә, Құран аяттары Аллаһ сөзі емес — плагиат жинақ!

Хадистердің бәрі де Мұхаммед сөзі емес — 1350 жыл бойы ислам ұстанымындағы басшы қауымға қызмет көрсеткен пірәдәрлар сөзі екені анық!»

 

Жазба Төртуыл ШОҚАННЫҢ Facebook парақшасынан алынды.

Фото видеодан скринделіп алынды.