«Салтанат өртеген перде әлі сақтаулы»

0
1021

Мейманы арылмайтын қазаққа ортақ үлкен шаңырақтағы кезекті қонақтық. О кезде апамның келін жұмсамаған жастау кезі. Асүй мен қонақ бөлменің ортасында, еттен кейін шай мәзірін жасап дегендей, қонағына көңілі мен пейілін білдіріп жүгіріп қызмет етіп жүрген ғой.

Ырду-дырду үлкендердің әңгімесін неғылсын сол бір кішкентай қыз бөлмеден-бөлмеге өтіп, өзімен-өзі ойнаған. Өзінің бей-берекет мазасын алмаған соң әке де қамсыз, шеше де мұңсыз, емен-жарқын отырып, дастарқан басында улап-шулап шүйіркелесіп отырған.

— Асүйге кіргенде біртүрлі күйген иіс, қоңырсық деуге де келмейтін жағымсыз иіс келді мұрныма. Газ плитам өшіп тұр, жалын шарпыды дейтіндей пеш қасынан майлық-сулық көрінбейді. Не иіс бұл?Асүйге қарсы кішкене бөлме жақтан шыққандай ма, әлде әлгі кішкентай қыздың жалт беріп жүгіргенін көзі шалғандықтан ба, апам солай қарай барған ғой. Сол бөлменің терезе пердесі тұтанып жанып жатқанының үстінен түскен. Әлгі иіс содан шыққан. Лап ете қалмаған қайта.

— Қай кезде сіріңкені алып үлгерген. Әке-шешесі балаға ұрсып жатыр. “Кішкене ғой, ештеңе етпейді, қайта дер кезінде аңғардық”, — деп жатырмыз біз. “Мына пердені сол күйі сақтаймын. Осы қыз күйеуге шыққанда жаңа перде сыйлап, осыны өзіне көрсетіп берем тойында”, — дедім оларға. Әлі тұр сол перде. Бір жолы кезіктіріп: “Бізді өртеп жібере жаздаған қыздың пердесі сақтаулы, тойға шақыруды ұмытпаңдар”, — десем, қыз әлдеқашан тұрмысқа шығыпты. Әке-шешесі тойға шақыруды ұмытқан…

Бұл әңгімені баяғыдооооо естігем апамнан. Жазам деп жүргем, есімнен шығыпты. Сол ерлі-зайыптылар — Канат Айтгул Кудайбергеновтер. Өртеуші — Салтанат қыз! Ақыры “өртеп” тынды…

Аман болсын дейміз де.

Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен алынды.