Ақтауда педофил науқас қызды зорлаған

0
203

Ақтауда эпилепсиямен ауыратын кішкентай қызды зорлаған ер адам 22 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Немолчи” қоры педофилдің сотталғанын мәлімдеді. Мәлімдеуінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қыздың талмасы ұстап, оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Ал сот тергеуі кезінде қыздың анасы ауруханаға түскен.

“Қыздың тәтесі күресуден тайынбады. Қыздың ар-намысын қорғап, адвокаттардың арандатуына төтеп берді”, – деп жазды қор.

Олар адвокаттың бұрын сотталғанын да атап өтті.

Жәбірленуші қыздың мүгедектігі бар, эпилепсиямен невропатологта есепте тұр.

Ал педофил – 5 баланың әкесі. Тергеу шаралары жүргізіліп, оның кінәсі биоматериалдармен толық дәлелденді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.