Мүфти діни киімге тыйым салуға пәтуа шығармақ
Соңғы уақытта бірқатар елдерде діни киімдерге тыйым салу үрдісі белең алды. Естеріңізде болса, Өзбекстан, Тәжікстан қоғамдық орында діни киіммен жүруге заңмен тыйым салған болатын. Енді Дағыстан да осы діни киім мәселесін қолға алмақ.
Дағыстан Бас мүфтиі Ахмад Абдуллаев қоғамдық орындарда діни киімге оранып жүретіндерге тыйым салу туралы пәтуа шығаратынын мәлімдеді деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы RBK.ru сайтына сілтеме жасап.
«Бәлкім, кейбіреулер мені осы пәтуам үшін сөгіп, жек көретін шығар. Бәлкім, мені кінәлап, ашуланатын болар. Алайда басқалар жасай алмаған тыйымды мен жасаймын. Бірер күнде бұл пәтуа шығады. Егер әйеліңді басқалар көргенін қаламасаң, оны ниқабқа орамай, үйіңнен шығармай, ұстап оты» деді Дағыстан мүфтиі.
Фото интернеттен алынды.