Димаш: «Ол — рухани тұрғыдан кемелденген адам»

0
209

ҚР Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен жүздескен сәтті есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Отандық мегажұлдыз қытайлық CCTV телеарнасының «Идеялар өзгертеді» жобасына қатысып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен осыдан жеті жыл бұрын жүздескенін айтты.

“Мен Си Цзиньпин мырзамен алғаш рет 2017 жылы «I am a Singer» жобасынан кейін кездескен едім. Ән айтып болғаннан кейін, маған ол кісі келіп, өнерім мен шығармашылығыма жоғары бағасын берді. Тіпті бата беріп, ерекше әсерге бөледі. Әйелі де менің жұмысымды бақылап жүретінін айтып, ерекше әсерлендірді.

Ол кездесу мен үшін өте қуанышты жағдай еді. Мен президенттерге артылған жүктің ауыр екенін түсінемін. Екі елдің достығына орай, екі ән жазғаным есімде. Бірінші ән қытайша, екіншісі қазақша жазылды”, – деп жеті жыл бұрынғы оқиғаны есіне алды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі Қытай басшысының өмірінде қандай адам екенін де жайып салды.

“Бірден байқағаным – ол кісі рухани тұрғыда кемелденген адам. Әнді толыққанды түсінуге тырысып, сезініп, толғанады. Жалпы өте мәдениетті кісі екені бірден аңғарылады”, –деп жауап қатты халық әртісі.

Фото интернеттен алынды.